Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық кәсіпорынға экологияны ластағаны үшін 3 млрд теңгеге жуық айыппұл салынды

Қазақстандық кәсіпорынға экологияны ластағаны үшін 3 млрд теңгеге жуық айыппұл салынды , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2024 11:24 Сурет:pixabay
Ақтөбеде "Восход Хром" ЖШС-ға табиғатты ластағаны үшін 2,9 млрд теңгеге айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе қаласы прокуратурасының 6 қыркүйектегі ақпаратына сүйенсек, кәсіпорын 2022 жыл ішінде міндетті экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеген.

"Тиісінше, осы кезеңдегі барлық эмиссиялар, бұл атмосфераға 52 тоннадан астам ластаушы заттардың шығарындылары (бейорганикалық шаң, 3 валентті хром, магний оксиді және т.б.), сондай-ақ жалпы 395 мың тонна көлемінде орналастырылған ірі кесек және шламды байыту қалдықтары нормативтен жоғары, яғни заңсыз деп танылды". Ақтөбе қаласы прокуратурасы

Нәтижесінде 2,9 млрд теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Серіктестік әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыға сот тәртібімен шағым жасалды.

"Облыстық соттың бірінші және апелляциялық сатылары айыппұлды заңды деп таныды",- деп қорытындылады баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қазақстанда соттан тыс банкроттық рәсімі өзгергені хабарланған болатын. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: