Жаңалықтар тізбегі
0

Қауіпті қалдықтарды сақтағаны үшін Атыраулық компанияға млрд теңгеге жуық айыппұл салынды

Қауіпті қалдықтарды сақтағаны үшін Атыраулық компанияға млрд теңгеге жуық айыппұл салынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2023 10:07 Сурет: Zakon.kz
Атырау облысында қауіпті қалдықтарды сақтағаны үшін кәсіпорынға 923 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Zakon.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

13 қазандағы хабарламада "Жылыой болашақ" ЖШС рұқсатсыз мұнай шламын жинау шараларын жасағаны айтылған.

"Сонымен 2022 жылдан бері қауіпті қалдықтар санатына жататын 477 тонна мұнай шламы жинақталып, осы факті бойынша сот "Жылыой болашақ" ЖШС-не 923 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды".Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

2023 жылдың тамызында Бас прокуратура Қазақстандағы бизнесмендерге әкімшілік жаза мерзімі өтіп кеткен құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдар көптеп салынғанын анықтады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: