Парақшасында теріс діни аудиодәрістерді сақтаған ақтөбелікке 69 мың теңге айыппұл салынды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2023 21:44 Сурет: pexels
Ақтөбе облысында теміржол ұйымының 29 жастағы қызметкеріне әлеуметтік желідегі парақшасында тыйым салынған діни аудиодәрістерді сақтағаны үшін 69 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ВКонтакте әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу кезінде Ақтөбе облысы теміржол ұйымының қызметкерінен дінтану зерттеуінің қорытындысына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған аудиоматериалдар табылды.

Көліктегі полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, ол Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотына жолдады.

Сот шешімімен 29 жастағы ер адам 20 айлық есептік көрсеткіш (69 000 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: