Шымкентте сауда үйіне біреудің ұмытып кеткен жол сөмкесі дүрбелең туғызды
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Шымкент қаласы ПД Жедел басқару орталығының 102 арнасына "Shymkent Plazа" сауда үйінің қызметкерлерінен белгісіз тұлға ғимарат ішінде күдікті жол сөмкесін қалдырып кеткені туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына шұғыл түрде полиция, ТЖ қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы барды. Аз уақыт ішінде сауда орталығына келушілер қауіпсіз аумаққа шығарылып, оқиға орны қоршауға алынды.
"Оқиға орнына жеткен саперлар сөмкеде жарылғыш заттар бар-жоғын тексерді. Нәтижесінде, сөмкеден жеке заттар табылып, оның иесі анықталды. Ол Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты. Ер адам әуежайға асығып, сауда үйінде жол сөмкесін ұмытып кеткенін айтқан" делінген полиция хабарламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript