Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында канистрдегі бензин жанып, үш жасар баланы күйік шалды

Алматы облысы, канистр, бала, өрт, күйік, бензин, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2023 12:46 Сурет: pixabay
27 мамыр күні Еңбекшіқазақ ауданы Ташкенсаз ауылында 2020 жылы туған бала күйікпен арухананың жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Баланы күйік шалғаны туралы хабарлама Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне сағат 18.40-та түскен.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше,екі бала жеке тұрғын үйдің ауласында ойнап жүріп, балалардың бірі бензин құтысының жанында сіріңке жаққан.

Салдарынан үш жасар баланың мойын, арқа, бөксе, оң иық аймағын 20-29% термиялық күйік шалған.

"Бала Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасының жансақтау бөліміне  жатқызылды".Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

ТЖД қызметкерлері мынандай қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес берді:

  • балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • жанғыш заттары бар канистрлерді балалардың қолы жететін жерлерде сақтауға болмайды;
  • балаларға сіріңке ойыншық емес екендігі туралы балалармен түсіндірме әңгімелер жүргізіңіз;
  • өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: