Жетісу облысында жанып жатқан үйден үш бала құтқарылды

Жетісу облысы, өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2022 15:56 Сурет: Zakon.kz
Желтоқсанның 7-сі күні кешке Жетісу облысы Панфилов ауданы Үлкен Шыған ауылында жеке үйлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер келгенге дейін ер адам балалар бөлмесінен үш баланы, ата-анасын сыртқа шығарған.

Сонымен қатар ол үйден екі газ баллоны шығарып, өз бетімен өртті сөндіруге кірісіп кеткен.

Жанып жатқан үйдегілерді құтқаруға көмектескен көршісі Еркебұлан Айтбаев болып шықты. Ол – азаматтық қорғау кіші сержанты, өрт сөндіруші.

Ведомство өрттің алдын ала себебін де жариялады: пеш жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: