Алматы облысында өрт болып, екі немересімен бірге әжесі қаза тапты
Сурет: Zakon.kz
Желтоқсанның 7-сі күні Еңбекшіқазақ ауданы Космос ауылында өрт шығып, үш адам қаза тапты. Зардап шеккен тағы алты адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 желтоқсан күні сағат 00.16-да өрт сөндірушілерге ауылдағы Первомайская көшесіндегі үйлердің бірі өртеніп жатқаны туралы ақпарат түскен. Бұл үйді 2021 жылдан бері 8 адамнан тұратын отбасы жалға алып келген.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер кішкентай баласы бар әйелді, оның күйеуін, отағасын және екі көршісін эвакуациялады. Олар улану диагнозымен Есіктегі аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.
Үш және төрт жасар бүлдіршіндерді де, олардың әжесін де құтқару мүмкін болмады.
Өрт сөндірушілерлің мәлімдеуінше, өрт шамамен 90 шаршы метрді шарпыған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript