Павлодар облысында сегіз жасар бала терең қазылған орға құлап кетті

Павлодар облысы, ор, траншея, оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2023 10:59 Сурет: unsplash
29 мамырда Павлодар облысында 8 жасар бала үш метрлік су траншеясына құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Павлодар облысындағы Шарбақты ауданындағы ауылдардың бірінде кешкі уақытта болған. 2015 жылы туған бала 3 метрдей тереңдіктегі су траншеясына құлап кеткен. Бала жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

"Бұл факті бойынша осы ауылда жөндеу жұмыстарымен айналысатын ЖШС учаскесінің басшысының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 254-бабы бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды", – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Анасының айтуынша, бала ауладағы су құбырына арнап қазылған орға құлап, жарақат алған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы науқастың жалпы жағдайы өте ауыр екенін хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: