ҚР ҚМА: Жетісу облысында "Өркен" спорт мектебінің қызметкерлері 16 миллион теңгені жымқырды
Тергеу барысында мекеме қызметкерлері 2015-2022 жж. жұмысқа қабылданып, шын мәнінде жұмыс істемеген алты адамға жалақыны есептеу арқылы 16 млн теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз аударғаны анықталды.
"Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайды".ҚР ҚМА баспасөз қызметі
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
2 маусым күні Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті "ӨзенМұнайГаз" АҚ бас директорының орынбасары Бауыржан Мәмбетсапаевты лауазымдық өкiлеттiктерін теріс пайдаланып, ол ауыр салдарға алып келген күдікпен ұстады.