Абай облысындағы алапат өрттің неден туындағаны айтылды

Болжам, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2023 19:50 Сурет: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі
2023 жылы 8 маусымда "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының территориясындағы Батпаев орман шаруашылығы аумағында өрт тұтанған. Zakon.kz тілшісі өңірге хабарласып, өрт қатты желдің салдарынан тез тарап, үлкен аумаққа ұласқанын білді.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, өрттің алдын ала себебі - жайдың түсуі. 

"Өртті жою мақсатында жедел штаб ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта орманшылықтың үш қызметкерінің денесі табылды, ал 11 адаммен байланыс жоқ. Оларды іздеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде", делінген хабарламада.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 662 адам, 177 бірлік техника және 6 тікұшақ жұмылдырылды. Авиациялық техникамен 80 рет, жалпы көлемі 192 тонна су төгілді.

Өрттің жалпы ауданы шамамен 30 мың гектарды құрайды. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: