Қатты жел салдарынан Павлодарда 1,5 мың абонент жарықсыз қалған
Сурет: Zakon.kz
Павлодарда 1,5 мың абонент жарықсыз қалды. Олар басқа элект қуаты көзіне қосылды. "Павлодарэнерго" АҚ қазіргі уақытта өңірде үш фидер ажыратылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазіргі уақытта өңірде үш фидер ажыратылған, оның бірі - Павлодардағы "Восточная городская" қосалқы станциясында. Зақымдалған учаскені анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол үшін екі жөндеу бригадасы мен жоғары вольтты зертхана тартылды", деп хабарлайды Pavlodarnews.kz "Павлодарэнерго" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"10 маусым күні таңертең Екінші Павлодар ықшам ауданы жеке секторының барлық тұтынушылары токқа қайта қосылды. "ПРЭК" АҚ жөндеу бригадалары Жібек жолы көшесінің бойындағы заңды тұлғаларды электр желісе қосумен айналысады", делінген компания хабарламасында.
Бір тәулік ішінде қатты желдің салдарынан облыста 18 апаттық үзіліс болған. Оның ішінде 110 кВ желіде тіркелген бесеуі жойылды. Тағы 13 ажырату кернеуі 10 кВ желіде болды, оның төртеуі - Павлодарда. Зақымдануды қалпына келтіруге сегіз бригада жұмылдырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript