Алматының орталығы жарықсыз қалды
Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы Алмалы және Бостандық аудандарының тұрғындары біраз уақытқа жарықсыз қалды. "Алатау Жарық компаниясы" АҚ аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алмалы ауданында Қабанбай батыр - Мұқанов - Шевченко – Нұрмақов - Гоголь - Амангелді - Абай – Байтұрсынов көшелері ауданында электр жарығы жоқ. Бостандық ауданында Атакентте, яғни Тимирязев-Жароков-Жандосов көшелерінің аумағы электрден ажыратылған.
"Алатау Жарық компаниясы" АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, Алмалы ауданында электр беру қызметі екі сағат ішінде қалпына келтіріледі.
Қазіргі уақытта Бостандық ауданы токқа қосылып үлгерді.
АЖК апаттың себебін атап көрсетпеді, бірақ уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
