Абай облысында жоғалып кеткен тракторшының денесі табылды
!["Семей орманы" резерваты, орман, өрт, тракторшы, Абай облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2023 15:45](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-03fc2013-0a5f-4974-ada8-9ee433853801/800x450.webp)
13 маусымда Абай облысының полициясы Zakon.kz сайтына жоғалған тракторшының денесі табылғанын хабарлады.
10 маусымда із-түзсіз жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны Сергей Архиповтың денесі зорлық-зомбылық белгілерінсіз, өрт сөндірілген жерден 50 шақырым жерде табылды.
"Ер адамның денесін қызметтік ит тапты. Ол Абай облысы ПД-нің кинологиялық есебінің құрамында жұмыс барысында сигнал беріп, трактор табылған жерден орман жолағына дейін ер адамның жолымен жүрді". Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Сот-медициналық сараптама тағайындалды, процестік шешім соның нәтижелері бойынша қабылданады.
"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды".Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Далон орман шаруашылығының тракторшысы Сергей Архипов 10 маусымда ормандағы өртті сөндіруге аттанып, хабар-ошарсыз кеткен.
12 маусымда Дмитриевка ауылынан 5 шақырым жерде оның тракторы табылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript