Жаңалықтар тізбегі
0

Бас прокуратура Абай облысындағы өртке байланысты Ильин, Сүлейменова, Ұранхаев және Ахметовтен жауап алады

"Семей орманы" резерваты, орман, өрт, Бас прокуратура, ҚР ТЖМ, ҚР Экология министрлігі, Абай облысының әкімдігі, ШҚО әкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2023 12:58 Сурет: primeminister.kz
14 маусымда Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы өртке қатысты қылмыстық істер жөнінде пікір білдірді. Ол салғырттық танытқандардың бәрі жауапқа тартылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас прокурордың орынбасары Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігімен ( "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу") қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті. Президент бұл істі тергеуді Бас прокуратураға тапсырған. Ведомствоның арнайы қызметі тергеуді бастап кетті, құрамына "барлық құқық қорғау органдарының ең тәжірибелі, білікті тергеушілері мен жедел уәкілдері" енген ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды. Топ оқиға орнында, оны Бас прокурордың бір орынбасары басқарады. Іс Бас прокурордың жеке бақылауында.

"Сонымен бірге қоршаған ортаға орасан зор зиян келтірген бұл қайғылы оқиғаның ауқымын, ең негізгісі – 14 орман шаруашылығы қызметкерінің қызметтік міндетін атқару кезінде қаза табуын ескере отырып, біз де лауазымды тұлғалардың салғырттығы бойынша қылмыстық іс қозғадық. Ал қазір бұл екі істі Бас прокуратура тергеп жатыр. Осы қылмыстық істі тергеу аясында өз міндеттеріне атүсті,  жауапсыз қараған, соның салдарынан өзіне жүктелген міндетті орындамауынан қайғылы жағдайға және азаматтарымыздың қаза табуына әкеп соқтырған барлық лауазымды тұлға анықталады".Жандос Өміралиев

Бұл ретте Төтенше жағдайлар министрлігінің экс-басшысы Юрий Ильин, Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов сынды шенеуніктердің әрекетіне әлі ешқандай баға берілген жоқ.

"Бірақ осы қылмыстық іс аясында барлық қатысы бар тұлғалар, лауазымды тұлғалар, қызметтік міндеттеріне қатысты тиісті шараларды қолданбай, соның салдарынан ауқымды өрт пен адам өліміне әкеп соқтырғандардың бәрі сөзсіз жауапкершілікке тартылады. Қазір шенеуніктердің әрекеті сараланған жоқ, тергеу енді басталды. Осы қылмыстық іс аясында жауапқа тартылатын адамдардың көбі, мұнда тек басшы қызметкерлер ғана емес, орта буын басшылары да бар, олар қазір өртті сөндіруге атсалысып жатқанын ескердік. Біздің басты мақсатымыз – өртті сөндіру. Сондықтан бұл күндері біз оларда алаңдатпаймыз, олардан міндетті түрде жауап алынады. Тергеу мерзімі –  екі ай".Жандос Өміралиев

Ол тергеушілердің Абай облысы бөлінгенге дейін тоғыз жыл басқарған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке қоятын сауалы аз екенін айтты.

"Ол "Семей орманы" орман шаруашылығын қадағаламайды, ол Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарайды. Сол күндері іске қосылуы керек болған қаржыландыру, тиісті техникамен қамтамасыз ету, кадр мәселесі, тану жүйелерінің бар-жоғы, ескертулер және басқа да нормативтік құқықтық актілер сияқты мәселелер Экология министрлігінің құзырында. Әкімдіктер материалдық-техникалық базаны қамтамасыз етуге қадағаламайды және жауап бермейді. Бізде қазір бұл фактілер бойынша сұрақ жоқ (Даниал Ахметовке – ред.).Тергеу жүріп жатыр". Жандос Өміралиев

Ол қазір басқа да тергеу әрекеттеріне қоса, жедел-іздестіру сипатындағы әрекеттер де жүргізіліп жатқанын атап өтті. Журналистер "Біреу-міреуі қашып кеткен жоқ па?" деп сұрады.

"Жоқ, жоқ, мұны жасырын тергеу әрекеттері деуге болады. Шенеуніктерден жауап алмас бұрын, біз басқа жайттарды анықтап, бірқатарын нақтылауымыз керек, басқа да бағынышты тұлғалардан жауап алуымыз керек. Осыдан кейін сұрақтардың толық көлемі жиналған кезде, біз тергеуге қажет барлық адамнан сөзсіз жауап аламыз".Жандос Өміралиев

2023 жылғы 8 маусымда Абай облысының "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында орман өртеніп жатқаны хабарланды. Алапат өрт салдарынан 14 адам қаза тапты. Олар қайтыс болғаннан кейін ордендермен марапатталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: