Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкенттіктер Chia Tai Tianging Group қаржы пирамидасына 83 миллион теңге салған

Chia Tai Tianging Group, қаржы пирамидасы. инвестиция, ҚР ҚМА, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2023 10:37 Сурет: freepik
2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың сәуіріне дейін Шымкенттің 40-тан астам тұрғыны Chia Tai Tianging Group қаржы пирамидасына 83 млн теңге салған. Бұл жөнінде 15 маусым күні Zakon.kz сайтына Қаржылық монитоинг агенттігі хабарлады.

Ведомствоның мәлімдеуінше, қазіргі уақытта күдікті сот қаулысымен үйқамаққа алынды.

"ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Қаржылық монитринг агенттігі қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлікті тәркілей отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылғанын ескертті.

Қазақстанда Chia Tai Tianqing қаржы пирамидасын Қытай азаматы құрған

Агенттік өкілдері 17 аумақтық департаментте қаржылық пирамиданы құру және басқару фактісі бойынша 17 қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлімдеді.


"Олар 2022 жылдың шілдесінен бері жұмыс істеп келеді және фармацевтикалық зауыт құрылысына инвестиция салу, сондай-ақ тағамдық қоспалар мен басқа да дәрі-дәрмектерді дамытуға инвестиция салу желеуімен инвесторлардан қаражат тартып келеді. Chia Tai Tianqing Қазақстанда заңды тұлға ретінде тіркелмеген". ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Ведомсто мамандарының сөзінше, болжам бойынша, қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының аумағынан шығып кеткен Қытай азаматы.

Сондай-ақ Агенттік Алматы қаласының аумағында Қазақстанның үш азаматы компанияның заңсыз қызметін насихаттаумен айналысқанын әшкерелеген. Олардың жеке басы анықталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: