Маңғыстау облысында сегіз оқытушы жалған дипломмен сабақ беріп келген
Құзырлы орган таратқан мәліметке сүйенсек, құқық бұзушылардың бірі екі жыл бойы Қарақия кәсіптік колледжінде жалған дипломмен тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша оқытушының жұмысын атқарған.
"Қарақия ауданының соты оны ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша 30 сағат қоғамдық жұмыстар түрінде жаза тағайындаумен қылмыстық жауаптылыққа тартты".Маңғыстау облысының прокуратурасы
Осы тектес құқық бұзушылық жасағаны үшін сот сол колледждің басқа екі оқытушысына үкім шығарды, олар жұмыстан босатылды.
Төрт эпизод бойынша полиция органдарының сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізген қылмыстық істері рақымшылық актісі бойынша тоқтатылды.
Бір дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр.
Ақмола облысында тіркеуге заңсыз қойылған жүк автокөліктері анықталды. Өткен жылдың ақпан айынан ағымдағы жылдың сәуір айына дейін қылмыстық топ алғашқы мемлекеттік тіркеу алымын төлегені туралы жалған құжаттарды пайдалана отырып, 62 жүк автомашинасын қазақстандық есепке қойған.