Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте әскери қызметкер қайтыс болды

Шымкент, әскери қызметкер, , "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2023 13:47 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
2023 жылы 15 маусымда Шымкентте жүгіру жаттығуынан кейін әскери қызметкер қайтыс болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі Zakon.kz сайтына әскери қызметкер өлімінің мән-жайын айтып берді.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, 15 маусымда 6506 әскери бөлімінің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес кедір-бұдырлы жердегі қашықтықты еңсеру бойынша әскери қызметкерлер арасында оқу-жаттығу өткізілген. 
"Шара аяқталғаннан кейін әскери қызметкер Бекжан Байжанов өзін нашар сезінгендіктен оған бірден алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Одан кейін Шымкенттегі бірінші қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Келесі күні сағат 17.15 шамасында әскери қызметкер қайтыс болды". Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы

Қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу тағайындалған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: