Шымкентте жоғалып кеткен 4 жасар бала іздестіріліп жатыр

Іздеу жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2023 11:47 Сурет: Zakon.kz
Шымкентте волонтерлар жоғалып кеткен төрт жасар баланы іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Волонтерлар қоғамдық қозғалыстың Instagram-дағы ресми парақшасында 23 маусымда үйінен шығып кетіп, қайта кері оралмаған төрт жасар баланы іздеу туралы хабарламаны жариялады. 

Баланы іздеуге тартылғандардың жазбасында айтылғандай, 2019 жылы туған бала сағат 15:00 мен 16:00 аралығында үйден шығып кеткен. Балақай "Алаш" базары маңында жоғалған. 

Бала кеудесінде ақ жазуы бар қызыл-көк жейде және ақ жолақты көк шорты киген. Шашы мен көзі - қара, шашы жұқартылған, дене бітімі - арық.

Волонтерлар қала тұрғындарын баланы іздеуге ат салысуға шақырады. Соңғы рет баланы әлдекімдер бұған дейін үйінен қашып көрген жасөспіріммен бірге көрген.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: