"Теректі - таза су" лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды

Теректі аудандық сотымен "Теректі-таза су" мемлекеттік кәсіпорнының лауазымды тұлғаларына қатысты үкім жарияланды.
Сот үкімімен кәсіпорын директоры 7,5 жылға және бас бухгалтер 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Екеуі де өзіне және ұйым қызметкерлеріне жалақыны артық аудару, сонымен қатар жеткізушілерге нақты орындалмаған жұмыстар үшін бюджет қаражатын негізсіз аудару арқылы 162 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды". Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript