Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында жылан шаққан 9 жасар бала ауруханада көз жұмды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2023 21:17 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысы Кеген ауылында жылан шаққан 9 жасар бала көз жұмды. Жеткіншек ауруханаға өте ауыр халде жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Балада өкпенің ісінуі сияқты асқынулар пайда болған. Науқасқа бірден дезинтоксикациялық ем жасалды. Токсиколог мамандармен келісіле отырып, екі реттік жылан уына қарсы сарысу егілді. Дәрігерлердің айтуынша, клиникалық хаттамаға сай барлық емдік шара жасалған. Алайда, соған қарамастан, жеткіншек 2 күннен кейін жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды Astana.tv.

"Алматы қаласының № 1 қалалық балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының токсиколог және реаниматолог дәрігерлері арнайы аудандық ауруханаға келіп, емдік шараларды өзара келісіп тағайындады. Сонымен қатар, республикалық денгейдегі анестезиолог-реаниматолог, токсиколог дәрігерлерімен консилиум өткізілді. Бірақ, интенсивті реанимациялық көмектің дер кезінде көрсетілгеніне қарамастан 2023 жылы 29 маусымда биологиялық өлім тіркелді". Алматы облысы Кеген аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Мұрат Серікұлы

Жыл басынан бері Алматы облысында 11 адамды жылан шаққан. Ал былтыр жылан шаққан 24 адам медициналық көмекке жүгінген. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: