Таразда «Зербұлақ» демалыс кешені ашылды
Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Нұржан Нұржігітов, облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов кешен директоры Айбек Оршубековпен бірге ауқымды нысанның лентасын қиып, аралап көрді.
Сурет: Тараз әкімдігі
Ауқымды жоба өңірдегі туризмді дамыту бағдарламасы шеңберінде қолға алынған.
Сурет: Тараз әкімдігі
Құны 1,2 миллиард теңгені құрайтын кешен жалпы 1,9 гектар аумақты алып жатыр. Сыйымдылығы 2000 адамға шақталған. Мұнда түрлі әткеншек, толқынды бассейн секілді заманауи құрылғылар орнатылған.
Сурет: Тараз әкімдігі
"South Holiday" ЖШС-нің басшысы Айбек Оршубековтің айтуынша, Орталық Азиядағы ірі аквапарктердің бірі саналатын бұл кешенде алдағы уақытта бес жұлдызды қонақ үй, ойын-сауық және өзге де сервистік орталықтар іске қосылмақ.
Сурет: Тараз әкімдігі
Салтанатты түрде пайдалануға берген демалыс аймағы қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналары сөзсіз.