Қазақстандықтар Алматы хайуанаттар бағындағы сусиырға есім таңдады
Сурет: Instagram/almatyzoo
Алматы хайуанаттар бағының Instagram-дағы оқырманы жаңа туған сусиырға есім қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бақша қызметкерлері сусиыр баласына Глория деген ат қойды.
"Біз сусиырға есім таңдадық. Оқырманымыз мультфильмдерді жақсы көреді екен. Көбі Мадагаскар мультфильміндегі әдемі сусиырдың құрметіне төлді Глория деп атауды ұсынды. Қазір сәбиімізге Глория есімі берілді! Туған күнің құтты болсын, Глория Жамбоқызы!" – делінген хабарламада.
16 маусым күні Алматы хайуанаттар бағында жақсы жаңалық болды. Сусиырлар жұбы Жамбо мен Лоттидің төлі дүниеге келді.
Сусиыр Жамбо 2007 жылы дүниеге келген. Ол Қазақстанға 2009 жылы Израильден әкелінген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript