Түнде Ақтауға жақын маңда жер сілкінді
Сурет: primeminister.kz
Ақтау тұрғындары 3 шілдеден 4 шілдеге қараған түні сағат 01:03 шамасында жерасты дүмпулерін сезінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мән-жайды "Лада" порталына қаланың 17-шағын ауданында тұратын тұрғындар айтып берген.
"Аспалы шамдар дірілдеп, қорқынышты болды, оның үстіне біз 8-қабатта тұрамыз", – дейді ақтаулықтар.
Кейін белгілі болғаны, түнде Бакуде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі тіркелді. Ұлттық сейсмологиялық орталықтың мәліметінше, жерасты дүмпулері Бакуде, Апшерон түбегінде және Сумгаитте сезілген.
Жер сілкінісі Әзірбайжан астанасынан 170 шақырым қашықтықта, 10 шақырым тереңдікте тіркелді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript