Алматыда немересін ерткен әйелді көлік қағып кетті

Жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2023 21:58 Сурет: Instagram/kris__p__almaty
BMW автокөлігінің жүргізушісі Сәтбаев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, белгіленген жаяу жүргіншілер жолағын кесіп өтіп бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

1956 жылғы әйел мен оның жеті жасар немересі зардап шекті.

"Жаяу жүргіншілерге соғылмас үшін жүргізуші қарсы жолаққа шығып, тұрақта тұрған KIA маркалы көлікке соқтығысқан. Зардап шеккен жаяу жүргіншілер медициналық мекемеге жеткізілді". Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Жол-көлік оқиғасы фактісін Алматы қаласы ПД Анықтау басқармасы тексеретін болады, оқиғаның мән-жайлары анықталу үстінде. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: