Қазақстаннан 14 тонна етті заңсыз экспорттамақ болған

Қазақстаннан 14 тонна етті заңсыз экспорттамақ болған, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2023 01:42 Сурет: Zakon.kz
Оқиға Түркістан облысы ТЖД "Қазығұрт" кеден бекетінде болған. IVECO жүк көлігі Өзбекстанға ет тасымалдап бара жатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, салмақты бақылау кезінде кеденшілер жүктің салмағы мен жөнелтпе құжаттарының сәйкессіздігінен күдіктенген.

"Кедендік тексеру барысында мәлімделген тауарлардың жөнелтілім құжаттарына сәйкес келмейтіні анықталды. Онда көрсетілген тауарлар "Ет, ірі қара" декларацияланған тауарларды қоспағанда, жөнелтілім құжаттарындағы мәліметтерге сәйкес келмейді", - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша "Қазығұрт" кеден бекетінің лауазымды тұлғалары ҚР ӘҚБтК-нің 551-бабы бойынша әкімшілік іс қозғап, 172 500 теңге айыппұл салып, процессуалдық шара қолдану материалы ветеринариялық қызметке берілді.

Бұған дейін Өзбекстанға 20 тоннадан астам бензинді заңсыз экспорттамақ болғандар туралы хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: