Көлік ішінде есірткі шеккен шымкенттік 4 минуттан кейін ұсталды
Сурет: pixabay
Шымкент тұрғыны көлікте есірткі қолданған. Мұны көшедегі бейнебақылау камералары түсіріп алған, ер адам төрт минуттан кейін ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шымкент қалалық полиция департаментінің 5 шілдеде таратқан мәліметінше, жолаушы есірткіні дәл көлікте қолданған.Toyota Camry көлігінің алдыңғы орындығында отырған жас жігіт көлік бағдаршамға тоқтағанда, қағаз ақшаны түтікке ұқсатып орап, мұрнымен ұнтақ тәрізді затты иіскеген.
Жас жігіт бейнебақылау камерасына түсіп қалғанын аңғармаған. ЖБО-ның кезекшілері мұны дереу патрульдік полицияның жақын маңдағы экипажына хабарлады. Тәртіп сақшылары көлікті Назарбеков көшесінің бойында 4 минут ішінде ұстады.
"Тексеру барысында көліктен марихуана салынған қағаз бума және мефедрон салынған 2 полиэтилен пакеті табылды. ҚР ҚК 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр. 24 жастағы күдіктіге ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды", – делінген хабарламада.
Қазақстан үкіметі Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспарды бекітті. Жоспарға сәйкес, есірткі бизнесімен күреске 53 млрд теңге жұмсалмақ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript