Павлодар облысында орман шаруашылығы аумағынан шыққан өрт толығымен сөндірілді

Өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2023 21:55 Сурет: pixabay
Павлодар облысы, Шарбақты ауданындағы "Ертіс орманы" орманшылығы территориясында 4 шілдеде сағат 15-30 шамасында өрт шыққан болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.


"5 шілдеде сағат 16.10-да қосымша тартылған күштер мен құралдардың арқасында Шарбақты ауданындағы "Ертіс-Орманы" орманшылығындағы құрғақ ағаштардың өрті толығымен сөндірілді. Қызыл жалын жалмаған аумақтың ауданы - 5,5 гектар. Алдын-ала болжам бойынша өрттің себебі - жайдың түсуі". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Айта кетсек, 4 шілдеде сағат 15.28-де Шарбақты ауданындағы "Ертіс-Орманы" орманшылығында жалпы ауданы 1,4 гектарды қамтыған өрт орын алды. Өрт сөндірушілер мен орман шаруашылығы қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында өрт кеше сағат 18:05-те оқшауланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: