Баянауыл қорығындағы өрт сөндірілді
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін сағат 06:55-те тартылған күштер мен құралдардың қабылдаған шараларының арқасында Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы өрт сөндірілді.
Павлодар облысы ТЖД хабарлауынша, өрттің жалпы ауданы - 4,7 гектар. Жанудың алдын ала себебі - найзағай разряды.
Еске сала кетейік, 2023 жылғы 6 шілдеде сағат 16.10-да 112 пультіне Баянауыл ауданында Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы ашық аумақта құрғақ шөптер мен бұталардың жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Өртті сөндіруге ТЖД 6 қызметкер мен бір бірлік техника, орман шаруашылығынан 23 адам мен 7 бірлік техника, сондай-ақ бір авиаборт жұмылдырылды.
Павлодар облысы ТЖД азаматтарға өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript