Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысында екі есепші 83 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Ақмола облысы, жемқорлық, Ақмола облысының прокуратурасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2023 13:43 Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысында балабақша мен мектеп есепшілері 83 миллион теңгеден астам қаржы ұрлады деген күдікке ілінді. Олар 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

10 шілде күні Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, білім беру саласында қызмет еткен есепшілер аса ірі мөлшерде ақша ұрлады деп күдіктелді.

Тергеу мәліметінше, Бұланды балабақшасының бухгалтері кәсіпкерлермен ойдан шығарылған мәмілелер жасай отырып, туыстарының шотына ақша аударған. Аударымдарды шынайы етіп көрсету үшін бухгалтер тауарларды жеткізуге келісім-шарттар жасалған кәсіпорындардың атауларын көрсеткен. Банктік шоттар оның жақын туыстарына рәсімделіп, бухгалтер жұмыс істеген кезеңде барлығы 47 млн теңге аударылған.

Екінші жағдай Степногорск қаласының мектептерінің бірінде анықталды, тергеу нұсқасы бойынша бухгалтер өз шотына 36 млн теңгені жалақы ретінде аударған.

"Осы фактілер бойынша қылмыстық істер ҚК-нің 189-бабы, 2-тармағының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде ұрлау) бойынша тіркелді, күдіктілерді Ақмола облыстық прокуратурасының арнайы прокурорлары және Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті тергеп жатыр", – делінген облыстық прокуратура таратқан хабарламада.

Қадағалаушы орган бұл бап бойынша жаза белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтінін ескертті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: