Ақтөбе облысында соқтығысқан екі көліктің де жүргізушілері оқиға орнында қаза тапты

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2023 18:02 Сурет: pixabay
Ақтөбе облысында бір-бірімен соқтығысқан қос көліктің де жүргізушілері мерт болды,деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы ПД мәліметінше, қайғылы оқиға 11 шілдеде сағат 12:30 шамасында Ақтөбе-Орынбор тас жолының 20 шақырымында орын алды. Оқиға орнында ВАЗ-2111 және ВАЗ-2115 жеңіл көліктері соқтығысқан.

Салдарынан екі көліктің де жүргізушілері оқиға орнында қаза тапты. Үш жолаушы жедел түрде ауруханаға жеткізілді.

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: