Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар іргесіндегі қызғылт көлдің таяздығын комиссия тексереді

Павлодар іргесіндегі қызғылт көлдің таяздығын комиссия тексереді, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2023 19:36 Cурет: wikimedia
Павлодар облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мамандары, экологтар мен қоғам қайраткерлерінен құралған комиссия Коряковка көлінің неден тайызданғанын тексермек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pavlodarnews.kz-тің хабарлауынша, қорытынды айдың соңына дейін жарияланады.

"Бұл - Қазақстандағы екінші атақты қызғылт көл. Комиссия жұмысының қорытындысы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің сайтында және БАҚ-та жарияланады", - деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова.

Комиссия 18 шілдеде көлге қарай шығады.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Павлодар маңындағы қызғылт көлдің видеосы пайда болған еді. Кадрларда біреулер көлді құрғатып, сол жерден тұз сатып жатқаны көрінеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: