Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы полицейлері әл-Фарабидегі кептелістен жасырын өткел арқылы шыққан жүргізушілерді анықтады

Алматы полицейлері әл-Фарабидегі кептелістен жасырын өткел арқылы шыққан жүргізушілерді анықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2023 21:00 Сурет: видеодан скриншот
Алматы полиция департаменті әлеуметтік желідегі видеоға жауап берді. Онда автокөліктердің жөнделіп жатқан Әл-Фараби даңғылындағы кептелістен қалай шығуға тырысқаны көрсетілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Уақытты үнемдеу үшін кейбір жүргізушілер жаяу жүргіншілер жолымен жүре бастаған.

Достық пен Әл-Фараби даңғылдарының қиылысында бірнеше жүргізуші жаяу жүргіншілер жолымен жүрген. Жол ережесін бұзуға қатысты қалалық полиция департаменті түсініктеме берді.

"Полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыларды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар аталған бөлімге бекітілген және құқық бұзушылықты ауыздықтау үшін шара қолданбаған патрульдік полиция инспекторы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды".Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Бұл ретте қалалық полиция көрсетілген учаскедегі өткел ашық, көлік кептелісі жоқ екенін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: