ҚР ҚМА: Шымкентте екі кәсіпкер 700 млн теңгеге жуық салықты төлеуден жалтарған
Сурет: Zakon.kz
ҚР ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті жалған шот-фактура жазып, мемлекеттен 700 миллион теңгеге жуық салықты жасырған екі кәсіпкерді әшкереледі. Сот кәсіпкерлерді бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің 19 шілде күні мәлімдеуінше, агенттіктің Шымкенттегі департаменті екі кәсіпкердің заңсыз әрекетін әшкерелеген. Олар нақты жұмыстарды орындамай, қызмет көрсетпей, тауарларды жөнелтпей, жалған шот-фактуралар жазып берумен айналысқан.
Күдіктілер 2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың тамызына дейінгі аралықта жалпы айналымы 2,1 млрд теңгеден асқан 6 компания құрған, соның салдарынан мемлекеттік бюджетке салық түрінде 700 млн теңгеге жуық қаржы түспей қалды.
"Сот үкімімен аталған тұлғалар қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды".ҚР ҚМА баспасөз қызметі
ҚР ҚМА спорт саласындағы жымқырылған қаржы сомасы 269 млн теңгеден асатын 21 істі тергеп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript