Жаңалықтар тізбегі
0

Іле Алатауындағы Нұрсұлтан шыңының атауы өзгерді ме

Іле Алатауындағы Нұрсұлтан шыңының атауы өзгерді ме, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2023 18:45 Сурет: Zakon.kz
"Алматы-2023" халықаралық альпинизм ойынының бағдарламасында Нұрсұлтан шыңы атанған Іле Алатауының шыңы қайтадан Алматы шыңы деп аталғаны байқалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биіктігі 4376 метр болатын шыңның атауын өзгерту туралы ресми түрде ешкім хабарлаған жоқ. Дегенмен 8-9 шілдеде өткен "Алматы-2023" халықаралық альпинизм бағдарламасы тау шыңының 2023 жылдан бастап қайтадан "Алматы шыңы" деп аталатынын көрсетті.

"Мереке аясында Алматы қаласының аты аңызға айналған шыңы – Алматы шыңына (1930-1935 жылдары – Алматы шыңы, 1935-1997 жылдары – Комсомол шыңы, 1997-2023 жылдары – Нұрсұлтан) 4376 метр биігіне көтерілу болады", - делінген спорт шараның бағдарламасында.

Қазақ альпинистері үнемі шығып тұратын шыңның бұрын да атаулары көп болған. Олардың біріншісі "Кіші Алматы шыңы" болып саналады. 1997 жылдан бастап тауға Қазақстанның тұңғыш президентінің есімі берілді.

Маусым айының соңында Қазақстанда 69 көше мен 18 оқу орнының атауы өзгеретіні хабарланған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: