Жаңалықтар тізбегі
0

Төтенше жағдайлар министрлігінің екі департаментінің басшысы мен комитет төрағасы қамауға алынды

Төтенше жағдайлар министрлігінің екі департаментінің басшылары мен комитет төрағасы қамауға алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2023 12:46 Сурет: gov.kz, коллаж: Zakon.kz
Өткен аптаның ортасында Төтенше жағдайлар министрлігінің комитет басшысы мен басқарма басшылары 4 миллион теңгеге дейін пара алды деген күдікке ілінгені белгілі болды. 24 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оларға қатысты соттың қандай бұлтартпау шарасы қолданылғанын айтты


"21 шілдесінде Астана қаласының ауданаралық тергеу сотымен ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасына, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Басқа да жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: