Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР ҰҚК: ҰБТ-ның мәліметтер базасына қосылып, түлектерге жоғары балл алуға көмектескендер ұсталды

ҰҚК, Ұлттық бірыңғай тестілеу, түлек, пара, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2023 18:51 Сурет: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда және Шығыс Қазақстан облысындағы департаменттері өңірлерде Ұлттық бірыңғай тестілеуді және педагогтердың білімін бағалауды жүргізуге жауапты ұйымның жеке қызметкерлерінің тестілеу процесіне заңсыз араласу әрекетін тыйды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2023 жылғы 24 шілде күні таратқан ақпаратына сүйенсек, күдіктілер серверлік жабдыққа және басқа да ақпараттық ресурстарға қол жеткізе алатынын пайдаланып, арнайы бағдарламаларды қолдану арқылы талапкерлер мен педагогтардың компьютеріне қашықтан қосылып, ақшалай сыйақыға тесттен жоғары нәтижелер алуға көмектескен.

ҚР ҰҚК, ҰБТ, тестілеу, пара, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2023 18:51

Сурет: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

"2023 жылғы 19 шілдеде 3 негізгі күдікті ұсталды. Тінту барысында қашықтан қосылуды қамтамасыз ететін техникалық құрылғылар мен бағдарламалар, ақшалай қаражат және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ведомство өкілдері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 207 "Ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникациялар желісінің жұмысын бұзу") және 210 баптары ("Зиян келтіретін компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын атап өтті.

ҰҚК, ҰБТ, тестілеу , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2023 18:51

Сурет: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

2022 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін 6 адамды қылмыстық жауапкершілікке тартты.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: