Ресейдің Қазақстанмен шекарасында жолаушылар мінген тікұшақ өртенді

Ресейдің Қазақстанмен шекарасында жолаушылар мінген тікұшақ өртенді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2023 16:30 Сурет: видеодан скриншот
Ресейде Қазақстанмен шекарада 13 жолаушысы бар тікұшақ өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ми-8 тікұшағы Қазақстанмен шекарада орналасқан Алтай Республикасы, Көксу ауданы Тыңғыр елді мекеніне қатты қонып, өртеніп кетті.

Бұл туралы Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Алтай Республикасы бойынша Бас басқармасының Telegram-каналында былай делінген:

"Оқиға орнында өрт сөндіру және авариялық-құтқару бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Қосымша ақпарат анықталып жатыр".

Алдын ала болжам бойынша, тікұшақ электр сымдарына тиген.

"Ақпарат нақтыланады".Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Алтай Республикасы бойынша Бас басқармасы

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, Ми-8 бортында 13 адам болған. Оның алтауы қаза тапқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: