Жаңалықтар тізбегі
0

"Балаларды мектепке бірге дайындайық": БҚО-да оқушыларға 372,6 млн теңге қарастырылған

"Балаларды мектепке бірге дайындайық": БҚО-да оқушыларға 372,6 млн теңге қарастырылған, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2023 12:03 Сурет: Zakon.kz
2023 жылы "Мектепке жол" Республикалық акциясы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында "Жақсылықты жаса" ұранымен өткізіледі.

Былтыр Батыс Қазақстан облысында аталмыш акция аясында көмекті қажет ететін отбасыларды қолдау мақсатында жалпы білім беру қорынан 8323 балаға көмек көрсетілген. БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Луара Батырханованың мәлімдеуінше, аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға материалдық көмек көрсету үшін барлығы 307 млн теңге қарастырылған.

Жаңа оқу жылының басында аз қамтылған отбасылардан шыққан 2338 оқушыға мектеп формасы мен керек-жарақтары түрінде жалпы сомасы 57,2 млн теңгеге материалдық көмек көрсетілді. 7388 оқушыға жалпы сомасы 220,0 млн теңгеге ата-аналардың карт-шоттарына аудару арқылы 37389 теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетілсе, облыс бойынша 10813 оқушыға, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 4419 балаға және демеушілік көмек есебінен 6394 балаға қолдау жасалған.

Биыл облыс бойынша жалпыға бірдей білім беру қорынан оқушыларға (кеңсе тауарлары, мектеп формасы, спорттық киім, аяқ киім және т.б. сатып алуға) 372,6 млн теңге қаражат қарастырылған. Ата-аналар Atamekenim.kz порталының "Мектепке жол" батырмасына өз өтініштерін беруде. Облыс көлемінде көмекке мұқтаждарға материалдық көмек беру шаралары жыл бойына жалғасады.

Білім басқармасы облыстың барлық азаматын балаларды мектепке бірге дайындауға көмек қолын созып, аталған іс-шараға бір кісідей ат салысуға шақырады.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында 2019 жылдан бастап "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы жыл бойы өтетін форматқа ауыстырылғаны белгілі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: