Қызылорда облысында жүк пойызымен қыдырып жүрген еуропалық екі турист анықталды
Сурет: primeminister.kz
Жүк пойызымен Қызылорданы айналып шықпақ болған Нидерландыдан келген 24 жастағы жігіт пен Германиядан келген 25 жастағы бойжеткен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Вагондардың бірінде бейтаныс адамдар жүргені жөнінде хабарлама Шиелі стансасындағы желілік полиция бөліміне "Әскерилендірілген темір жол күзеті" ЖШС қызметкерлерінен келіп түскен.
Тексеру кезінде көлік полицейлері Батыс Еуропадан келген екі туристті анықтады, олар жүк пойызына "қызық көріп, көңіл көтеру үшін мінгенін" айтқан.
"Құқық бұзушылардың үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 560-бабының 1-бөлігі (Жүк пойыздарында заңсыз жүру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды". Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Көлік полициясының қызметкерлері баспалдақпен, вагондардың шатырымен және басқа да адамның жүруіне қолайсыз жерлерден жүрудің ақыры қайғылы салдарға әкеп соғуы мүмкін екенін еске салады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript