Қаратауда жеті жасар баланы ит талады

Қаратау, ит, бала, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2023 15:30 Сурет: pixabay
Қаратау қаласында 7 жасар баланың беті мен аяғын ит қауып алды. Балаға шұғыл ота жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, бала ес-түссіз жағдайда ауруханаға жеткізілді, тексеру кезінде оң жақ беті және екі аяғы жараланған, көп қан кеткені анықталды.
Қазір бала жансақтау бөлімінен хирургиялық бөлімге ауыстырылды.
"Жағдайы тұрақты түрде жақсарып келеді. Хирургиялық бөлімде оған тиісті ем жасалып жатыр". Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы

Сурет: Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Ведомствоның мәліметінше, балаға аудандық аурухананың психологтары көмек көрсетіп жатыр.

Бұған қоса құтырмаға қарсы екпе жасалып, антибиотиктер тағайындалған.




Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: