Жаңалықтар тізбегі
0

Әділет министрлігі Талдықорған мәйітханасынан тараған видеоға қатысты пікір білдірді

Әділет министрлігі Талдықорған мәйітханасынан тараған видеоға қатысты пікір білдірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2023 15:20 Сурет: Сот сараптамалары орталығы
ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы 2023 жылғы 13 тамызда мессенджерлер мен ақпараттық сайттарда тараған Талдықорған мәйітханасының алдында ақ материалға оралған мәйіттер тиелген видеоға қатысты ақпарат жариялады.

Сот сараптамалары орталығы берген ақпаратқа сай видео 2021 жылы түсірілген.

"Аталған мәйітхана ғимараты Жетісу облысы бойынша сот сараптамалары институтына тиесілі. Алайда танылмаған және талап етілмеген мәйіттерді жерлеу жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді. Сот сараптамалары институтының қызметкерлері мәйіттерді жерлеу (мәйітті жуу, қырындыру) және мәйітті орауды ғана жүзеге асырады", - делінген хабарламада.

Видеода "Пятый регион" ЖШС қызметкерлері түсірілген деп қосты ведомство.


"Аталған видеода танылмаған және талап етілмеген мәйіттерді жерлеу жұмысын Талдықорған қаласы әкімдігі мен "Пятый регион" ЖШС арасындағы келісімшарт бойынша жүзеге асырып жатқан "Пятый регион" ЖШС қызметкерлері. Олардың Жетісу облысы сот сараптамалары институтының қызметіне ешқандай қатысы жоқ".Сот сараптамалары орталығы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: