Алматы облысында 11 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматы облысында 11 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2023 13:37 Сурет: primeminister.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі еліміздің барлық өңірінде жер телімін беру және оларға қатысты сыбайлас жемқорлық әрекетіне сырттай талдау жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алматы облысында берілген ұсыныстарды орындау мақсатында мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен жалпы ауданы 11 мың гектар 19 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Басқарма талдау барысында облыста 65 мың гектардан астам жер учаскесі анықталғанын, оларды бергенде сыбайлас жемқорлық болғанын айтты.

"Жайылым жерлерін жосықсыз жеке меншікке беру салдарынан облыстың негізгі тұрғындары арасында мал жаю үлкен мәселеге айналды. Тұрғындар малын өз елді мекендерінде жаюға мәжбүр", - делінген хабарламада.

Қалған жерлерді қайтару мәселесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы бойынша бақылауында.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: