Елімізде "Зорлық-зомбылыққа қарсы 30 күн" акциясы өтпек

Елімізде "Зорлық-зомбылыққа қарсы 30 күн" акциясы өтпек, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2023 17:12 Сурет: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Түркістанда өткен Балаларға қатысты зорлық-зомбылық тақырыбындағы дөңгелек үстелде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі зорлыққа қарсы бір ай акция өтетінін айтты.

Оның сөзінше, министрлікке қарасты Қазақстандық қоғамдық даму институтының Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу жөніндегі 2023 жылғы өткізілген жаппай сауалнамасының нәтижесінде отбасындағы зорлық-зомбылықтың салдары ретінде бірінші орында жаман әдеттер (алкоголизм, нашақорлық, ойындарға құмарлық) тұр. Респондеттердің жартысынан көбі осындай жауапты таңдаған (55,3%).

Атап айтқанда, 2023 жылы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Харассменттен қорғау жөнінде арнайы бұйрық шығарылды. Дөңгелек үстелде министрлік ҚҚДИ дайындаған "Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу жөніндегі нұсқаулықты" ұсынды. Нұсқаулыққа статистикалық деректер, қылмыскердің келбеті, ата-анаға кеңестер мен көрші, туыс пен куәгерге деген ұсынысты қоса алғанда, осы салаға байланысты негізгі аспектілер қамтылған.

Министр биыл Қоғамдық даму институтының сарапшылары "Балалар мәселесін БАҚ-та қалай қауіпсіз жариялауға болады?" деген тақырыпта практикалық нұсқаулықты жариялағанын айтты.

Мұнан бөлек Түркістандағы жиынға Qazaqstan ұлттық арнасы түсірген деректі фильм көрсетілді. Фильмде балалар арасындағы зорлық-зомбылық проблемасына бей-жай қарамайтын, тәжірибелі мамандардың пікірі берілген.


"Қоғамдағы зорлық-зомбылыққа қатысты алаңдаушылықты негізге ала отырып, оның алдын алу және қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында "Зорлық-зомбылыққа қарсы 30 күн" атты акция өткізуді жоспарлап отырмыз. Оған да баршаңызды бірлесе атсалысуға шақырамын", - деді Дархан Қыдырәлі.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: