Алматы облысының әйелдер қауымына табиғатта саяхаттау мүмкіндігі жасалды

Алматы облысы дін істері басқармасының әлеуметтік жобасы аясында әйелдер қауымына Көлсай көлдері мен Қара және Шарын шатқалына "инфотур" жобасы ұйымдастырылды.

Сурет: Алматы облысы дін істері басқармасы
Мақсаты – әйелдер жамағатының отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін дамыта отырып, деструктивті ағым ықпалдарына деген иммунитетін күшейту.

Сурет: Алматы облысы дін істері басқармасы
Шара барысында қазақ үйдегі дастархан басында дәстүрлі діни құндылықтарды тереңінен түсіндірген лекторлар дәрісі, психолог тренингтері, мәнерлеп оқу сайыстары өткізілді.

Сурет: Алматы облысы дін істері басқармасы
Сонымен қатар Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Туымен бірге фотосессиялар ұйымдастырылды.

Сурет: Алматы облысы дін істері басқармасы
Инфотурға жалпы 15 әйел және 10 баласы қатысты.