Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы әкімдігі тарифтер есебінен коммуналдық желілердің тозуын төмендетпек

Алматы әкімдігі тарифтер есебінен коммуналдық желілердің тозуын төмендетпек, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2023 12:59 Сурет: Zakon.kz
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы қызметтеріне тарифтердің өсуі коммуналдық желілердің тозуын жыл сайын 2%-ға дейін төмендетуді қамтамасыз етеді. Бұл туралы Алматы әкімдігі мәлімдеді.

Қаланың коммуналдық инфрақұрылымын жаңғырту алматылықтардың жайлы өмірін қамтамасыз етуге бағытталған. Инженерлік инфрақұрылымның тозғаны ТКШ-да апаттарға әрі басқа да келесіздіктерге себеп болуы мүмкін. Коммуналдық қызметтер құнының шамалы өзгеруі есебінен "Инвестицияларға айырбастау тарифі" бағдарламасы коммуникацияларды жөндеу және ауыстыру бойынша қажет жұмыстарды қаржыландырмақ.

"Жыл сайын жылумен жабдықтау желілерінің тозуын 1,7-2% (2027 жылы 49%-ға дейін), сумен жабдықтау желілерінің тозуын 1,6% (49%-ға дейін) және электрмен жабдықтау желілерінің тозуын 1,2% (59%-ға дейін) төмендетуге ниеттіміз", - деді Алматы әкімі.

Ерболат Досаев билік ХӘОТ санатындағы топтары үшін тарифтердің өсуін өтеу тетігін қарастырғанын айтты. Мысалы, 2023 жылдың соңына дейін 315 мың алматылық коммуналдық қызметтер құнының 100%-ға жуық өсімін жабатын төлем ала алады. Бұл мақсаттарға бюджетке 3,3 млрд теңге салынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: