"Түтін басқан Алматы": өрттен кейінгі қаланың көрінісі
Ұшақтағы терезеден түтін басқан Алматы былай көрінеді:
Бұған дейін Алматының түрлі ауданының тұрғындары әлеуметтік желіде от пен түтіннің өткір иісіне шағымдана бастаған.
Түнде қаланың Жетісу ауданында құрылыс материалдары сақталған қойма өртеніп кеткені белгілі болды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 01:36-да жетіп, 4:40-та кешенді өрт сөндірілді.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан сабыр сақтап, маска тағуды сұрады. Ведомство тыныс алу жолдары аурулары бар адамдар мен қарт адамдарға, әсіресе өрт болған жерге жақын тұратындарға үйінен шықпауға кеңес берді. Бұл ретте қалалық ТЖД азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ деп сендірді. Бұл - тек өрттің қалдық салдары.