Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде жеделсатылар жаңартылып жатыр

Ақтөбеде жеделсатыларды жаңарту жұмыстары жүргізілуде. , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2023 17:32 Сурет: unsplash
Биыл 93 лифтті ауыстыру жоспарлануда. Қазір 58-і жаңартылды. Оның ішінде, Әз Наурыз көшесіндегі 12-ші үйде 6 жаңа лифт орнатылды. Бүгін үй тұрғындары мен кондоминиум төрағасы БАҚ өкілдеріне жаңартылған лифттерді көрсетті.

Ал тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мамандары жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Қала әкімдігі ескі лифттерді жаңалау бойынша мақсатты жұмыс істеп жатыр. 2023 жылға республикалық бюджеттен 93 лифтті ауыстыру үшін 751,1 млн. теңге қарастырылған, жұмыстар биыл 3-тоқсанда аяқталады.

Ақтөбеде жеделсатыларды жаңарту жұмыстары жүргізілуде. , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2023 17:32

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазір 58 лифт ауыстырылды. Қыркүйек айының соңына дейін 10 лифт және 25 лифт қараша айының соңына дейін ауыстырылады.

Ақтөбеде жеделсатыларды жаңарту жұмыстары жүргізілуде. , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2023 17:32

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Нормативтік пайдалану мерзімі асып кеткен лифтілер бойынша басқару нысандарының төрағалары аккредиттелген ұйымдарды тарта отырып, жыл сайынғы техникалық куәландыруды жүргізеді. Бүгінгі таңда тағы 145 жеделсаты ауыстыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. 108 үйдің тұрғындарымен жиналыс өткізілді. Тұрғындардың 70% келісімімен қол қойылған 28 хаттама бар, қалғандары бойынша қол жинау рәсімі жүріп жатыр. Бұл лифттерді ауыстыру 2024 жылы қарастырылуда", - деп атап өтті қаланың тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Нұржан Нағыметов.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: