"Мамамды біреу алып кетті!". Анасына араша болғысы келген бала қаскөйді видеоға түсіріп алды
Сурет: Zakon.kz
Белгісіз ер адам Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында 51 жастағы әйелге шабуыл жасады. Үйдегі бала анасына жасалған шабуыл сәтін видеоға түсіріп үлгерген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шабуыл фактісі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгені хабарланды.
"Осы факті бойынша Қарқаралы қаласының барлық кіре берістері мен шығар жолдарына, сондай-ақ күдікті адамның ықтимал қозғалыс бағыттарына тосқауыл бекеттері қойылды. Оқиға орнында Қарағанды облысының полиция департаменті мен Қарқаралы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", - делінген полиция хабарламасында.
Ер адам үй тонамақ болған деп болжанады.
Видеода ер адам үй сыртында әйелді ұрып-соғып, айқайлаған оның аузын жабады. Бұл кезде зардап шеккен әйелдің ұлы үйде болған, телефонымен жүгіріп жүрген ол дауыстап желідегілерді көмекке шақырады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript