Жаңалықтар тізбегі
0

"Біз ешкімнен қорықпаймыз": Айбек Тоқаев The International іріктеуін бағындыруға дайын

"Біз ешкімнен қорықпаймыз": Айбек Тоқаев The International іріктеуін бағындыруға дайын, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2023 10:24 Сурет: parimatch
Сегіз жыл бұрын The International 5 финалы Тоқаевты кәсіби спортшы болуға шабыттандырды. Бүгін Dota 2-ден әлем чемпионатындағы дебютке қол жеткізу үшін тек бір қадам қалды. Оның мансабы қалай басталғанын, киберспортшылардың қалай жаттығатынын және ол армандаған командасына кімді қосар еді.

Бұл жайлы біздің эксклюзивті сұхбаттан оқыңыз.

- Киберспортшының жаттығу үдерісі қалай көрінеді?

- Біздің "жұмыс күніміз" "скримдерден" басталады. "Скрим" - бұл басқа кәсіби командалармен өткізілетін жаттығу матчы. Біз шамамен 5-6 рет ойнаймыз, содан кейін ойынды жазбаға жазып, қайта қарап, қай жерін жетілдіру керек екендігін, қандай кейіпкерлерді шақыруға немесе тыйым салуға тұрарлық екенін талқылаймыз. Осылай күн сайын. Буткемп қазір Түркияда өтіп жатыр, онда командамыздың базасы орналасқан.

- Біліктілікке қатысушылардың арасында сіздерді алаңдатып, қобалжытатын командалар бар ма?

- Біз ешкімнен қорықпаймыз. Менің ойымша, біз біреуден сақ болу керек деген кезеңнен өсіп кеттік. Мен көптен бері біз басқа командалармен бір деңгейде екенімізді сезіндім және олар іс жүзінде соншалықты күшті сияқты көрінбейді. Бәрі де, тек өзімізге байланысты. Біз чемпионатқа жақсы дайындықпен баруымыз керек, оған қоса үйлесімді ойынды көрсете алуымыз тиіс.

- Егер сіздердің қазіргі құрамдарыңызды есепке алмасақ, сіздің "арман еткен командаңыз" қандай болар еді?

- Мен "Miracle-", "Miposhka", "Save-" және "Collapse"-пен ойнайтын едім. Егер біз тек Батыс Еуропаны алсақ, онда Liquid-тің барлық құрамымен. Мен олардың жанкүйерімін. Біз оларға Балиде 2-1 есебімен ұтылдық, ал бұған дейін DPC турында 2-0 есебімен жеңіске жеткен болатынбыз. Олармен "мажорда" кездескенде, өте қиын болды деп айта алмаймын, біз жай ғана нашар ойын көрсеттік.

- Басынан бастайтын болсақ, Dota жай ғана ойын емес, тіпті әлеуетті мансап екенін қай сәтте түсіндіңіз?

Барлығы Тhe international 5-тен басталды. Жеңімпаздар командасында 15 жастағы "SumaiL" болды. Бұл өте керемет деген ойға келдім, мен де сол сәттен бастап кәсіпқой ойыншы болғым келді. Мен ойынға көбірек уақыт бөліп, кестеде шыңдай бердім, уақыт өте келе командалар маған қызығушылық тудыра бастады.

- Сіздің Parimatch-пен ынтымақтастығыңыз қалай басталды?

Бұл өте аз уақытта іске асырылып кетті. Мен Балиде жүргенде, маған Parimatch компаниясының киберспорт менеджері ынтымақтастық туралы ұсыныс жазды. Мені бұл жағдай сүйсіндірді. Алғаш ойнай бастағанда, мен көшеде көрген плакаттардың бірінде суретімнің болғанын армандайтынмын. Әзірге біз тек бір ай ғана бірлескен жұмыс істей алдық, бірақ бұл тек бастамасы ғана және болашақта Қазақстанда киберспортты белсенді көтеретін боламыз деп үміттенеміз.

Parimatch Kazakhstan подкастында "TA2000" киберспортының танымал болып келе жатқан жұлдызы туралы одан да қызықты деректер туралы біліңіз:


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: