Петропавлда жедел жәрдем қызметкерлері клиникалық өлімге ұшыраған ер адамды аман алып қалды
Сурет: Facebook/Юрий Белоног
Петропавлда жедел жәрдем қызметкерлері клиникалық өлімге ұшыраған ер адамды аман алып қалды. Ақ халаттылар ажалмен 30 минут күрескен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Солтүстік Қазақстан облыстық Жедел медициналық көмек көрсету орталығының директоры Юрий Белоногтың айтуынша, шақырту кешкі сағат 19:52-де келіп түскен. Фельдшерден құралған бригада: Аманжолов Батырхан, Әлжанов Батырхан, жүргізуші-фельдшер Юровский Владимир оқиға орнына 5 минутта келіп жеткен. Тексеру кезінде 31 жастағы ер адам клиникалық өлім жағдайында болған.
Зардап шегушінің қарындасының айтуынша, жедел жәрдем бригадасы келіп жеткенге дейін 8 минут бұрын ер адамды 220 ваттық ток соққан.
"Қауіпсіздікті тексергеннен кейін ACLS стандарты бойынша реанимациялық іс-шаралар дереу қолға алынды: жүрекке массаж, өкпеге жасанды жолмен ауа беру, дефибрилляция және кеңірдекке интубация жасалды. Реанимацияның төртінші циклінде ұйқы артерияларында өздігінен тыныс алу және қан тамырлары соғысы пайда болды", - дейді Юрий Белоног.
Сағат 20:23-те клиникалық өлімнен аман қалған науқас Петропавл қалалық көпбейінді ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілді.
"Реаниматолог дәрігерлердің кәсібилігінің арқасында кеше науқас бейіндік бөлімге ауыстырылды. Есін біледі", делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript